00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды

25.02.2023 | 05:49
Елорда ақпарат
211

Көрмеге психоневрологиялық аурулары бар 1 және 2 топтағы мүгедектердің туындылары қойылды.

Бұл шараның басты мақсаты - қоғамды мүмкіндігі шектеулі жандардың өнері мен өмірге деген құштарлығымен таныстыру болып табылады.

Көрмеде біздің қызмет алушылардың жасаған қолөнер бұйымдары қойылды. Бұл бұйымдарды еңбек терапия кабинетінде 1 және 2 топ мүгедектері жасаған. Көрменің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерін, еңбектерін көрсету. Өмірге деген құштарлығымен қоғамды таныстыру. Шараны ұйымдастыру барысында Елорданың төрінде орналасқан «Бәйтерек» монументі таңдалды, - деді «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Назарбек Көкенұлы.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес орталықта жасын, диагнозын, психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып, еңбек терапиясына тартылады. Орталықта тігін, қыш, көркемсурет, етік тігу, құрылыс ісі, ағаш шеберханалары сияқты еңбек кабинеттері жұмыс істейді.

Бүгінгі шарада «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушылардың қолдарынан шыққан бұйымдар көрмеге қойылды. Негізі,  көбі психоневрологиялық аурулары бар адамдарды дәрі-дәрмек ішіп, палатада жатады деп ойлайды. Біздің орталықта басқаша. Қызмет алушылар түрлі бұйымдар жасайды. Спортпен шұғылданады, би билеп, өлең айтады.  Яғни, әрқайсысының қызығушылығы ескеріледі. Көрмені бұл жандардың өнерлерімен жұртты таныстыру мақсатында ұйымдастырдық, - деді «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Нұрбол Зұлқарнаев.

Көрме аясында мекеме туралы ақпараттық видеороликтер мен қызмет алушылар дайындаған шағын шығармашылық қойылымдар көрсетілді.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналық мемлекеттік мекемесі 2005 жылы құрылған. Орталық он сегіз жастан асқан, психоневрологиялық аурулардан зардап шегетін, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған. Қазіргі уақытта орталықта психоневрологиялық аурулары бар 1 және 2 топтағы 369 мүгедек тұрады. Оның ішінде 232 ер адам және 137 әйел адам.

 

 

Все новости