Мамырда ауа райы қандай болады
![](/img/articles/uploads/626dfd3ad34bc060514851_2416ce898e.jpg)
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, елдің солтүстік жартысында, сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері көбеюі мүмкін.
Мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде ауа температурасы +20+28°С, оңтүстігінде +33°С көрсетеді. Солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Кейіннен осындай ауа райы Қазақстанның басқа аудандарында да болуы ықтимал. «Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуымен ауа райының тұрақсыз сипаты және ауа температурасының ауытқуы болжанады: республиканың батысында түнде +3+13°С, өңірдің солтүстігінде 3°С үсіктен +8+15°С, күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін; еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, кей уақытта 1-6°С үсік, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін; оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін. Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының қарқынды шығарылуы нәтижесінде, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +25+35°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында +30+35°С, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай мен жаңбырлар болжанады, аптап ыстықтың күндіз +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі, дегенмен температуралық фон басым түрде жоғары болуы болжанады», - делінген мекеменің хабарламасында.
Сондай-ақ «Қазгидромет» ескертуінше, бір айға арналған ауа райы болжамын консультация ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.
![](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Әнші Индира Расылхан хиджабы үшін көптің сынына қалды](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)