00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Транскаспий халықаралық көлік тасымалы 2 бағытта жүргізіледі

25.02.2023 | 02:23
Елорда ақпарат
111

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап көрсетті. Қазір оның әлеуетін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2022 жылы бұл бағытта 30 мыңнан астам ЖФЭ тасымалдау бекітілген. Қазіргі жағдайды ескере отырып, ол 2 есе ұлғаюы мүмкін. Қазақстандық экспорттаушылар биыл ТХКБ-ге басқа бағыттардан 2 млн тоннаға дейін жүк жөнелтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде мұнай өнімдері, металл өнімдері және көмір бар. Тиісті көлемді 4 млн тоннаға дейін арттыруға болады, – деді министр.

ТХБК бойынша екі бағытта 10 млн тоннаға дейін, оның ішінде 200 мың контейнерге дейін тасымалдауға болады. Олар: Ақтау/Құрық – Баку(Алят) – Әзербайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары - Батуми/Поти порты және әрі қарай Қара теңіздегі Варна/Бургас (Болгария) немесе Констанцаға (Румыния); Ақтау/Құрык – Баку (Алят) – Әзербайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары (Баку-Тбилиси-Карс бағыты) – Түркияның Қара теңіздегі және Жерорта теңіздегі порттары арқылы.

Все новости