00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары анықталды

24.02.2023 | 19:15
Елорда ақпарат
111

Шымкент қаласы «Жас Ұлан» республикалық ерлер мектебінің оқушысы Ернұр Асланбек пен «Онтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Жас артеллерист» әскери-патриоттық клуб мүшесі Валерия Черевко «Жас Сарбаз – жас тілшісі» номинациясына лайық деп танылды.

Сондай-ақ, «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік танылғандар марапатталды:

Жеке тәртіп бойынша 1 орын – Қарағанды қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-бөбекжайдың тәрбиеленушісі Руслан Атантаев;

Аймақтар арасында 1 орын – Түркістан облысының «Барыс» әскери-патриоттық клубы;

Әскери мекемелер арасында 1 орын – Нұр-Сұлтан қаласының С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі;

ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскери құралымдары арасында 1 орын – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Жас артиллерист» әскери-патриоттық клубы;

«Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының Бас жүлдесі – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Жас артиллерист» әскери-патриоттық клубы.

Ал «Үздік жас сарбаз» номинациясын Түркістан облысы «Төлеби тарландары» әскери-патриоттық клубының өкілі Сәуле Ахметова жеңіп алды.

Все новости