Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады](/img/articles/fe1e6f2afbe022659e14edc35165244d.jpg)
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ол Президентке «Қазпошта» акционерлік қоғамының былтыр атқарған қызметінің нәтижесі және компанияның қазіргі қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, компания соңғы 5 жылда алғаш рет 2,4 миллиард теңге көлемінде пайда тауып, акционерге 1,5 миллиард теңге дивиденд төлеген. Салық аударымдары мен баж алымдарының жалпы көлемі 32,7 миллиард теңгені құрады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр «Қазпошта» арқылы жеткізілетін сәлемдемелердің саны 35 пайызға көбейіп, оларды ел аумағында жеткізу жылдамдағы екі есе артқаны туралы баяндалды.
Мемлекет басшысына «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен YTO Express Group компаниясы арасында серіктестік қатынас орнағаны жайында айтылды.
«Қазпошта» Алматыда ауданы шамамен 40 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы жоғары технологиялық қойма салуға ниетті. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс әрі Қытайдан ЕуроОдақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия бағыттары бойынша Қазақстанның жүк өткізу әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар Президентке отандық компанияның ел аумағындағы инфрақұрылымы мен бөлімшелер желісінің қазіргі жай-күйі таныстырылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын жақсарту және логистикалық әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)