Ғани Бейсембаев Президент марапаттаған педагогтермен кездесті
![](/img/watch-gray.png)
![Ғани Бейсембаев Президент марапаттаған педагогтермен кездесті](/img/articles/5361325d0fac123ce73300d29fcf7acc.jpg)
Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн Астана қаласынан, Ақмола және Атырау облыстарынан бірқатар мұғалімдер марапатталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еңбегі жоғары бағаланған педагогтермен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Министр ұстаздарға болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі үлестері үшін алғыс айтып, педагогтерді қолдау және олардың кәсіби мәртебесін көтеру – білім беру саласындағы маңызды басымдықтардың бірі екендігін атап өтті.
Біздің ортақ міндетіміз – сапалы білім мен тәрбие беру, өскелең ұрпақ үшін ең жақсы үлгілерді қалыптастыру, білім мен мүмкіндіктер беретін қоғам құру. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздер еліміздің барлық мұғалімдерінің жарқын бейнесісіздер, сіздердің мамандыққа адалдықтарыңыз бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады, - деп атап өтті министр.
Педагогтер өз кезегінде мемлекеттің педагог қызметін жоғары бағалағанына зор ризашылықтарын білдіріп, кәсіби өсуге, оқыту әдістерін жетілдіруге қатысты өз ойларымен бөлісті.
Балаларды оқыту арқылы біз тек білім беріп қана қоймай, жеке тұлға ретінде қалыптастырамыз. Оқушыларымызға жоғары мақсат қою және оған жету дағдысын сіңіреміз және оларға табысқа жетудің жолын үйретеміз. Менің жұмысым – бұл мамандық қана емес, бұл менің елімнің болашағы алдындағы миссиям және жауапкершілігім, - деді Ақмола облысы Арайлы ауылынан келген орта мектеп мұғалімі Анастасия Ирубаева.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді дамытуға және достықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградалар табыстаған педагогтердің ішінде Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектептің мұғалімі Елизавета Шнайдер ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, Ақмола облысы Арайлы ауылындағы орта мектеп мұғалімі Анастасия Ирубаева «Шапағат» медалімен, Атырау қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Татьяна Любина «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған болатын.
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)