00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты (ФОТО)

31.03.2023 | 19:31
Елорда ақпарат
109

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.

 

Все новости