00:00
Астана -10oC
USD:
474.62
EUR:
517.19
RUB:
5.39
Поиск

Полицияға пранк жасаған жігіт қамауға алынды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:03
Елорда ақпарат
116

Әлеуметтік желіде жас жігіттің полицияның модульді пунктіне кіріп, өз оқырмандарына сәлем жолдаған видеосы тарап кетті.

Құқық бұзушының ұсталғаны туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының Полиция басқармасына жеткізілген.

Құқықбұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айту керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген, - деді Рустам Абдрахманов.

Все новости