00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президентке есеп берді

14.05.2024 | 13:32
169
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президентке есеп берді
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берілді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Бұл туралы Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған.

Министр қылмыскерлерді іздестіру жұмысының нәтижесі туралы да баяндады. Атап айтқанда, жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталды. Іздеуде жүрген 16 адам елге экстрадицияланды.

Президентке адам көп жиналатын жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат берілді. Террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан, соның ішінде мектептер, жоғары оқу орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, концерт залдары мен басқа да тарихи-мәдени ғимараттар тексерілді.

Сонымен қатар Ержан Саденов көші-қон ісін бақылау жұмыстары жайында есеп берді. Жыл басынан бері елімізге 4,2 миллион шетел азаматы келіп, оның 4 миллионға жуығы шекарадан кері шыққан. Олардың 90 пайызы – ТМД азаматтары.

Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, су тасқыны салдарын жою, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кезектен тыс аттестациялау бағыттарындағы тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.

Бұдан бөлек, министр көшелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
27.06.2024 | 12:41
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
27.06.2024 | 12:19
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
26.06.2024 | 19:33
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
23.06.2024 | 10:46
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23.06.2024 | 09:40
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
12.06.2024 | 15:02
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
12.06.2024 | 12:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
10.06.2024 | 20:54
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
10.06.2024 | 16:03
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
10.06.2024 | 13:31
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
Все новости