00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада ең үздік полицейлер марапатталды

06.10.2023 | 04:30
86
Фото: polisia.kz

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев 9 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша жедел қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Дәстүр бойынша қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін тәртіп сақшылар медаль, грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

Жедел қызметтер арасында өткен спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарға да жүлделерін табыстап, бірінші орын алған Алматы аудандық ПБ бастығы, полиция подполковнигі Диас Тоқатовты марапаттады. Екінші орынды Есіл ауданы ПБ командасы және үшінші орынды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы иеленіп, аталған басқарма бастықтарына да тиісті жүлделері берілді.

Сонымен қатар, қазақ күресінен 70, 80 және 90 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын алғаны үшін Алматы ауданы ПБ мен Сарыарқа ауданы ПБ-ның анықтау бөлімдерінің қызметкерлері марапатталды.

Сондай-ақ шағын футболдан өткізілген жарыста үшінші орын алған ішкі істер органдарының ардагерлер командасын марапаттауға Астана қалалық ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғабит Досаев шақырылды.

Айта кетейік, кәсібіне адалдық танытып, жас мамандарды дайындауға көмектескен ІІО ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ардагерлер жас полицейлермен тәлімгерлік жұмысын жалғастырып, тәжірибесін ортаға салып, бөліністердің озық дәстүрлерін сақтауда.

Барлық жаңалықтар