00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық полицей Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды

25.02.2023 | 12:47
Елорда ақпарат
66

10 күн бойы қалада спорттық жарыстар өтіп, оған 70 елден 10 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде Қазақстан өкілдері де қатысты.

Қатысушылар спорттың әртүрлі түрлерінен, соның ішінде бокс, кроссфит, жеңіл атлетика және т.б. бойынша жарысты.  

Бокстан 86 келіге дейінгі салмақта Сәкен Құсайынов екінші орынды иеленді. 34 жастағы взвод командирі елордалық Полиция департаментінің ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді. 

Полицей спортшы 9 жастан бастап бокспен айналысады. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше рет ҚР чемпионаттары мен бокстан түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Бұл жеңісті мен Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына, сондай-ақ ата-анама, отбасыма және жақындарыма арнаймын, - деді Сәкен өз сөзінде.

Барлық жаңалықтар