00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Elorda Aqparat» ЖШС-нің фототілшісі Сұлтан Сейіт – үздіктер қатарында!

24.02.2023 | 15:04
Елорда ақпарат
76

Фотобайқаудың мақсаты – кәсіби фототілшілер мен студенттердің шығармашылық байланысын нығайтып, өзара тәжірибе алмасу. Сондай-ақ фотожурналистикаға бейімі бар студенттерге фотопортрет, пейзаж, фоторепортаж, фотоочерк және басқа да жанрлардың тәсілін үйретіп, шеберліктерін арттыру көзделген.

Шара барысында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, ЖжСФ деканы Қайрат Сақ, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы, Сәулет және құрылыс факультетінің дизайн кафедра меңгерушісі Әуез Байдабеков пен байқауға қатысқан фототілшілер сөз сөйледі.

Бұл ретте Жандарбаек Мәлібеков төрағалық еткен қазылар алқасы фотосуреттерді табиғат көріністеріндегі горизант, ракурс, композиция, алдыңғы және артқы план, диагоналдар ережесінің сақталуы мен кадрларды пайдалануына, тақырып, жарық, экспозиция үйлесімділігіне, суреттердің деректілігіне, түсіндірмелі, түсіндірмесіз ерекшеліктеріне қарай бағалап, 5 пен 10 арасында бал қойып отырды.

Осы талап бойынша «Үздік фотопортрет» жүлдесін «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Ерлан Омаров, ҚР Президентінің фототілшісі Ғани Өмірбеков, ЕҰУ фототілішісі Ербол Ерденбек; «Үздік фотопейзаж» жүлдесін «National Geographic» қоғамының фототілшісі Ерболат Шадрахов, «Kazinform.kz» фототілшісі Мұхтар Холдорбеков, «Жас Отан» жастар қанатының фототілшісі Мейірбек Тажкуранов; «Үздік фотоэтюд» жүлдесін «Арқа ажары» газетінің фототілшісі Советбек Мағзұм, «Kazinform.kz» фототілшісі Бауыржан Жуасбаев; «Үздік фоторепортаж» жүлдесін «Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі Тұрар Қазанғапов, ҚР Президентінің фототілшісі Аман Дүйсенбаев, ҚР Премьер-минстрі ресми сайтының фототілшісі Нариман Мырзабаев; «Үздік фотоочерк» жүлдесін Каzaknews.kz фототілшісі Доған Йылдыз, «Elorda Aqparat» ЖШС-нің фототілшісі Сұлтан Сейіт жеңіп алды.

Ал «Үздік фототілші» жүлдесіне барлық жанр бойынша шеберлік танытқан ҚР Премьер-министрінің фототілшісі Шүкір Шахай мен «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Орынбай Балмұрат лайық деп танылды.

Одан бөлек, аталған номинациялар бойынша өзара сайысқа түскен талапты студенттер де марапатталды. Енді ұйымдастырушылар осы байқаудың қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» атриумынан үздік жұмыстардың көрмесін ашпақ.

Барлық жаңалықтар