00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық полицейлер республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды

24.02.2023 | 20:43
Елорда ақпарат
52

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті "Алматы" аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Жүнісбеков үздік учаскелік полиция инспекторы және "Есіл" аудандық полиция басқармасының полиция капитаны Ұлбосын Мұсабекова үздік учаскелік полиция инспекторы атанды.     

Байқау жеңімпаздары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың дипломымен, "Үздік учаскелік полиция инспекторлары" төсбелгісімен және "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.

Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілеріне қатысты білімдері тестіленді. Ал үздікті таңдауда қазылар алқасының басты назары қызметтік жетістіктері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша халықпен жұмыстың инновациялық нысандарын енгізуіне аударылды. Екінші кезеңде қазылар алқасы сайыскерлермен әңгімелесу арқылы үздіктерді таңдады. Соңғы кезеңде іріктеуден өткен қызметкерлер ресми аккаунттар мен республикалық ақпараттық порталдарда онлайн-дауыс беруге қатысты. 

Конкурс қорытындысына сәйкес 37 жастағы елордалық учаскелік инспектор Ұлан Жүнісбеков заң, атыс және дене шынықтыру дайындығы мен нормативтерді тапсырудан озып шығып, үздік нәтиже көрсетті. Ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан учаскелік полиция қызметкері өзіне бекітілген учаскені өте жақсы біледі сондай-ақ, ол тұрғындармен тәулік бойы байланыста, әрқашан мейірімді және жанашыр. 

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкері Ұлбосын Мұсабекова нормативтік-құқықтық базаның үздік кәсіби дағдылары мен білімін көрсетті. 31 жастағы полиция капитаны 2013 жылдан бері ішкі істер органында қызмет етіп келеді. 

Ювеналды полиция инспекторы бұл жай ғана қызметкер емес, ол – психолог, тәрбиеші. Ең бастысы, балада жеке тұлғаны ашуға, түзету жолына түсуге және баламен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін ерекшелікті табу, - дейді Ұлбосын.  

Барлық жаңалықтар