00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ғылыми онкология орталығы мемлекет меншігіне өтті

31.03.2023 | 23:34
Елорда ақпарат
63

Үкімет 2023 жылғы 22 ақпанда «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесті сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Жеке серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. 

«Тұрар Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 пайыз қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылданды, – делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Барлық жаңалықтар