00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Науқастар есін біледі»: Дәрігерлер шахтада зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

31.03.2023 | 19:50
Айман Нығмет
44

Дәрігерлер Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Ленин атындағы шахтада болған апаттан кейін ауруханаға жеткізілген төрт науқастың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Екі кенші Қарағанды қаласының Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасында «улы газбен уланған» деген диагнозбен токсикология бөлімшесінде жатыр. Тағы екеуі Шахтинск қаласынан Қарағандыдағы ауруханаға санавиациямен жеткізіліп, ота жасалды. Оларда газбен уланудан бөлек бас жарақаттары анықталды. 

Оқи отырыңыз: Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімі шықты

Токсикология бөлімшесіндегі пациенттердің жағдайы тұрақты. Белгілі бір оң динамика байқалады. Санавиация желісі бойынша жеткізілген және операция жасалған пациенттердің жағдайына келетін болсақ, бүгінгі күні оларда да оң динамика байқалады. Олар реанимация бөлімінде. Науқастар есін біледі, өкпені жасанды желдету аппаратынан алынды. Қазіргі уақытта жағдайлары тұрақты-ауыр, - деп түсіндірді профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана директорының медициналық бөлім бойынша орынбасары Талғат Жүкен. 

Айта кетейік, кеше түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар