00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің қай өңірлерінде ана өлімі көрсеткіші жоғары

31.03.2023 | 17:18
Айман Нығмет
37

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында ана мен бала өлім-жітіміне қатысты деректер келтірді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші төмендеген, деп хабарлады Elorda.info.

Биылғы алты айда ана өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеді. Дегенмен, әлі де жоғары көрсеткіштер Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр, – деді министр.

Ажар Ғиният баяндамасына сәйкес, ана өлімінің басты себептері – акушерлік асқынулар (70%), соматикалық аурулар (30%). 

Министр ана өлімі көрсеткіші төмендегенімен, сәби өлімі көрсеткіші әлі де төмендемей отырғанына назар аударды.

Биылғы 7 айда нәрестелердің өлім-жітімі азаймай отыр. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында тіркелді, – деді Ажар Ғиният.

Министр баяндамасында салмағы 1000 граммға жетпейтін, шала туған сәбилер жиі шетінейтінін айтады. Жалпы сәби өлімі ішінде олардың үлесі 33 пайыз.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният мединициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентура медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинеколог, неонотолог, анестезиолог, реаниматолог сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды дайындауға гранттың саны 1500-ге дейін артқанын атап өтті.

Барлық жаңалықтар