00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

25.02.2023 | 12:54
Елорда ақпарат
24

КВИ-мен ауырған науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмектің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі жеткілікті. Өңірлерде коронавирус инфекциясын емдеу үшін дәрілік заттардың 16 атауы бойынша 2 айлық қор қамтамасыз етілді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден артық дәрілік заттардың қоры бар, - деді министр.

Сондай-ақ  министр биыл медициналық ұйымдарға 6 млрд қаржыға дәрі-дәрмек әкелінгенін айтты.

Бүгінгі таңда сауда орындарында қолда бар дәрілік заттардың қоры 2-3 айға жеткілікті және қажет болған жағдайда уақтылы толтырылады. Бұдан басқа, осы жылдың басынан бастап медициналық ұйымдарға 6 млрд теңгеге дәрілік заттар әкелінді.Бұл жылдық көлемнің 70%-ын құрайды, - деді А.Ғиният.

Барлық жаңалықтар