00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда 6 аймақта коронавирус жұқтырғандардың саны артқан

25.02.2023 | 12:41
Елорда ақпарат
24

Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия  шектеу шараларын күшейтті. Олар өңірлермен және «Атамекен» палатасымен  алдын ала келісілді, - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керектігін айтты.

Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны  эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлап кетуіне алып келеді. Сондықтан әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Барлық проблемалық мәселелерді  Ведомствоаралық комиссия отырыстарында жедел қарап,  тиісті шаралар қабылдау қажет, - деді Ә.Смайылов.

 

 

Барлық жаңалықтар