00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Былтыр неліктен елімізде ана өлімі көбейді

25.02.2023 | 05:42
Елорда ақпарат
49

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2021 жылы ана өлімінің өсуі коронавируспен байланысты екенін айтты.

Жүкті әйелдер COVID-19-дан қайтыс болды. Бұл жүкті әйелдерде коронавирустық инфекцияның агрессивті болуына байланысты. Физиологиялық жағдайдың өзі аурудың тез таралуына және дамуына ықпал еткенін өзіңіз түсінесіз, – деді ол.

Гиният сонымен қатар, ана өлімі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өскенін айтты.

Вирус – жас, бала, қарт немесе жүкті әйел деп қарамайды. Тіпті жас және дені сау адамдар одан қайтыс болды. Жүкті әйелдің физиологиялық жағдайы және иммунитеттің төмендеуі инфекцияның өршуіне және өлімге әкелуіне ықпал етті, – деді Гиният.

Министр 2022 жылдың бірінші тоқсанында елімізде ана өлімінің төмендегені байқалғанын айтты.

Барлық жаңалықтар