00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұзақ өмір сүру үшін күнде қанша қадам жаяу жүру керек

25.02.2023 | 02:16
Елорда ақпарат
81

Сарапшылар әртүрлі елдерден келген 18 және одан жоғары жастағы 50 000 адамның деректеріне талдау жасады. Қатысушылар төрт топқа бөлінді: бірінші топ күніне 3,5 мың қадам жүрді, екінші топ – 5,8 мың, үшінші топ – 7,8 мың, төртінші топ – 10,9 мың қадам жаяу жүрді. Зерттеу нәтижелері Lancet Public Health журналында жарияланды.

Сарапшылар көп жаяу жүрген үш топта белсенділігі төмен топқа қарағанда өлім қаупі 40-53 пайызға төмен екенін анықтады.

Ғалымдар сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар өлім қаупі бірте-бірте азаюы үшін күніне 6-8 мың қадам жүруі керек екенін анықтады. 60 жасқа толмаған адамдарға денсаулық пен фитнесті сақтау үшін 8-12 мың қадам жүру ұсынылады. Сонымен қатар зерттеушілер жаяу жүрудің қарқындылығы маңызды емес екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар