00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мамандар парацетамолдың денсаулыққа қандай қаупі бар екенін айтты

24.02.2023 | 23:57
Елорда ақпарат
43

Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 ерікті қатысқан. Екі апта бойы олардың кейбіреуі күніне төрт рет парацетамол қабылдаған, ал басқалары - плацебо.

Сонымен қатар олардың үштен екісі гипертонияға қарсы препараттарды қоса ішкен. Нәтижесінде, орташа есеппен зертеуге қатысушылардың қан қысымы жоғарылағаны анықталған.

Сарапшылар пікірінше, парацетамолды үнемі қолдану жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттырады деуге болады. Адамдар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін олардың қан қысымы бастапқы деңгейге оралған.

Бұрын парацетамолды қабылдау бауыр ауруын күшейтуі, аллергия, қышу, ісіну немесе қабыршақтанған тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екені белгілі болған.

Парацетамол, сондай-ақ ацетаминофен ретінде белгілі. Препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізілген.

 

Барлық жаңалықтар