00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұзақ өмір сүру үшін қалай дұрыс тамақтану керек

24.02.2023 | 23:52
Елорда ақпарат
40

Өмір сүру ұзақтығын созу үшін тамақтану туралы ғылымның кемі екі заңын ұстану қажет дейді маман. 

Біріншіден, рацион калорийі жаратылатын энергияға сай болуы керек. Тағамның энергетикалық құндылығы шамадан асып кетсе, ол бірқатар ауру түрлеріне апаруы мүмкін. Ал ол жеткіліксіз болса, ағза әлсіреп, тозуға дейін барады. 

Жұмсаған энергия көлемін астан қайта алу маңызды. Ұзақ өмір сүріп, физикалық тұрғыдан белсенді болу үшін осы заңды сақтау керек. Ал энергияны азырақ алатын болсаңыз, арықтап, тозып кетесіз. Ал көбірек алсаңыз - салмақ қосып, бірқатар дертке шалдығасыз. Бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары ауруларына, - деді Тутельян. 

Екіншіден, рационның құрамында ағзаға қажетті 200-ге жуық химиялық қосынды болуы керек. 

Олардың ішінде 30-40 қосындыны ештеңемен алмастыра алмайсыз. Олар бар болса - саусыз, жоқ болса - аурусыз, - дейді Виктор Тутельян.

Айтуынша, адам міндетті түрде ағуызды тұтынуы кеек. Сондай-ақ ағзаны дәрумендермен, микроэлементтермен, аминқышқылдарымен толықтырып отыру қажет.

Жас ұлғайған сайын адам жеңіл сіңірілетін тағамдарға қарай бет бұрғаны абзал, – дейді академик.

Барлық жаңалықтар