00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жанар-жағармай бағасының өсімі: қиын бірақ нарықты тұрақтандыру үшін қажет шешім

03.04.2023 | 18:21
49

Бұл туралы энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек. Оны мойындауымыз керек. Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, - деді Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өседі, өсім 11 процент; дизель отыны бағасы литріне 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтеріледі, өсім 20 пайыз.

Ол тиісті бұйрық жобасы бүгін жарияланатынын атап өтті. Осы орайда Ақшолақов жанармай бағасын көтеру не үшін қажет екенін түсіндірді.

Бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылыққа тап боламыз. Бұдан басқа экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айырыламыз, сондай-ақ бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді, - деді ол.

Барлық жаңалықтар