00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Шындыққа жанаспайды»: ЕҰУ Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығарылуына қатысты пікір білдірді

17.05.2023 | 19:00
82
Фото: ашық дереккөз

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті күні кеше бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығып қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Бұған дейін Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғаны туралы хабар тараған болатын. Жоғары оқу орны мұны жоққа шығарып отыр.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын, - делінген мәліметте.

Барлық жаңалықтар