00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шымкенттегі жол апаты: Тірі қалған жалғыз қыздың жағдайы белгілі болды

11.04.2023 | 09:30
46
фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі 6 адамды қағып кеткен жол апатынан тірі қалған жалғыз қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

8 сәуірде бірнеше адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған Дариға Сейдалиеваның анасы қызының алдағы өміріне алаңдап отыр. Ол 6 баласының үлкені, отбасының асыраушысы болған. Анасы Мәдина Сейдалиеваның сөзінше, оқиғадан 2 күн өтсе де, ешкім келіп кешірім сұрап, қыздың хал-жағдайын білуге тырыспаған.

Осы қызым асыраушым менің. Пәтеріміз бар, коммуналдық төлемдер бар, азық-түлік бар бәрі осы қыздың мойнында. Менің өзімде бір бүйрегіммен жұмысқа жарамаймын. 8 айлық бөпем бар. Осы қызым жұмыс істейді, ақша табады, жан-жақтан беріледі, бірақ асыраушым осы қызым. Енді бұл қызым жақын арада бұл түрімен жұмысқа шықпайды. Қалай күн көреміз біз сонда?! Өкпем бар, жауап берсін! Қызымның әлі қаншама емі бар. Ол ми шайқалу бір-екі жылдан кейін басталса кім жауап береді?,- дейді  жәбірленушінің анасы Мәдина Сейдалиева.

18 жастағы қыз ауруханаға бірнеше жарақатпен түскен. Дәрігерлер оған отаның қажет болмағанын айтты. Дегенмен ол әлі бірнеше күн ауруханада ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында болады.

8-і күні мен аурухана бойынша жауапты дәрігер болдым. Сол күні оқиға орнынан Сейдалиева Дариға дейтін 18 жасар қыз баласы жеткізілді. Келген бойда науқастың жағдайы ауыр болып тексерілді, алған жарақаттарына байланысты. Дереу реанимация залына кіргізіліп, толық тексеруден өтті. Тексеру барысында бас миының шайқалуы, кеудесінің ауырсынып қалғаны және қолы мен аяқтарының жарақаттары анықталды. Қазір науқас нейрохирургия бөлімінде жатыр. Керекті емін қабылдап жатыр, қазір науқастың жағдайы орташа деңгейде болып саналады,- дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Эльдар Смағұлов.

Ал қаза тапқандардың үшеуі бір сауда орнында сатушы болып істеген. Бірінің артында 5 баласы, енді бірінің мүгедек анасы қараусыз қалды. Отбасының асыраушысы болған азаматтардың жақындарына көмек қолын созу үшін қазір сол жұмыс орнының қызметкерлері арнайы қор ашып, қаржы жинап жатыр.

Бірінші ол Азиза деген әпкеміз, сатушы болып істейтін. Артында 5 бала-шағасы қалды. Осы қалада жалдамалы пәтерде тұратын, күйеуі жоқ. Екінші Азатхан, Айзада деп айтамыз. Ол қыздың мүгедек мамасы бар, ол кісінің жалғыз асыраушысы сол қыз еді. Енді мамасының өзі жалғыз қалды. Ол да жалдамалы пәтерде тұратын. Біздің тараптан әріптестермен бірігіп, жинақ ашқан болатынбыз. Ақша жинап жатырмыз қазіргі таңда. Жиналған сомманы осы марқұмдардың отбасыларына бөліп береміз,- дейді Шымкент тұрғыны Айдана Рахымбаева.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал осы жол-көлік оқиғасы бойынша қалалық полиция департаменті тарапынан әкімдікке тасымалдаушы компанияны лицензиясынан айыру жөнінде ұсыныс жолдапты.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандарға байланысты сот-медициналық және автобусқа автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

 

Барлық жаңалықтар