00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Шетелдік бірнеше БАҚ Қазақстан туризмін насихаттайтын болды

25.07.2023 | 04:30
60
фото: ttjk.info

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында өткен І Халықаралық медиа және туризм форумы шеңберінде шетелдік журналистер Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы  «Түркітілдес журналистер қорынның»  сайтында жарияланды.  Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде шетелдік журналистерді Қазақстан туризмін дамыту жолдары, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты тиімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері қызықтырды. 

Германиядан келген журналист, «Европа» телеарнасының  қожайыны Алипаша Акбаш Қазақстан туризмін өз арнасында насихаттауға дайын екенін жеткізді. Әзірбайжандық журналист Эльчин Маликли өзінің «Бакупост» сайтында Қазақстан үшін арнайы айдар ашатынын жеткізді. Франциядан келген қонақ Али Гедикоглу ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдар өткізетін әлемдік көрмелерде Қазақстан туризмін насихаттауға ұсыныс айтты. Түркияның Мерсин қаласынан келген  Хедие Ероглу Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Ақпарат министрі Дархан Қыдырәліні Мерсинге туризм бойынша тәжірибе алмасуға шақырды.

Барлық жаңалықтар