00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Өрттен қаза болғандардың отбасыларына тұрғын үй беріледі

13.06.2023 | 11:30
56
Фото: akorda.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысындағы ірі табиғи өрттерге қатысты ахуал қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Министрлер кабинетінің басшысы өңірде өрт басталғалы оның ауданы тез ұлғайып, бірқатар елді мекенге қауіп төнгенін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындар эвакуацияланып, Семейде жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Үйлестіру штабының отырыстары үнемі өткізіліп тұрды. Өкінішке қарай, адамдар қаза тапты. Біз орман өртіне қарсы тұрған 14 адамнан айырылып қалдық. Үкімет атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Үкімет пен әкімдік тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады, — деді Әлихан Смайылов. 

Одан кейін Министрлер кабинетінің мүшелері өрттен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетілетінін айтты:

«Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден төленетін болады;

отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы; 

отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы; 

қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем. 

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.

Оған қоса қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету үшін арнайы қор құрылды.

Барлық жаңалықтар