00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 538,4 млрд теңге жәрдемақы төленді

15.12.2023 | 08:00
61
Фото: дереккөз

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 479 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлады Elorda.info

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 59,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 535,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 187,4 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға өсті, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап орташа есеппен 14,5%-ға қосымша арттырылды.

Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін 89 248 теңгені, 2-топ үшін – 71 398 теңгені, 3-топ үшін – 48 681 теңгені құрады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 98,8 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 63,4 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Барлық жаңалықтар