00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мүгедектігі бар балаларға арналған пилоттық жоба басталды

28.07.2023 | 09:30
54
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

Елімізде мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шағын үйлерді ашу жөніндегі пилоттық жоба басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл жоба ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында өңірлердегі жеке секторларды тарта отырып жүзеге асырылмақ. 

Мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үйдің ашылуы осы жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда өтті. Мұнда күндізгі стационар жағдайында психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар арнайы әлеуметтік қызметтерді алуда.

Шағын үйлерде қызмет алушылар санының аздығына байланысты дамуында кемістігі бар балаларды абилитациялау сапалы форматта жүргізілетін болады. Азаматтар мұндай үйлерді ашу тиімді екенін айтуда.

Арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың аналары балаларының Қарағанды қаласындағы сыйымдылығы шағын үйлерде көрсетілген қызметтерден алған әсерлерімен бөлісті.

СШҮ-ге келгенімізге 3 аптадай болды. Көрсетілген қызметтердің арқасында баламның жағдайы жақсаруда. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған, олар өздерін үйдегідей сезініп жүр және қажетті көмектің барлығы қарастырылған. Осы орталықтың жоғары білікті мамандарына алғыс айтамын, – деді Мәдина Жекенова.

Биыл пилоттық жобаны іске асыру аясында еліміздің тағы 6 өңірінде: Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сыйымдылығы шағын үйлерді ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 711,8 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде ересектер – 607,6 мың адам (еңбекке қабілетті жастағы – 420 мың адам; зейнеткерлер – 187,5 мың адам), 18 жасқа дейінгі балалар – 104,3 мың адам.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен 109 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 52 мыңы – мүгедектігі бар адамдар, 21 мыңнан астамы  балалар.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 750-ге жуық мемлекеттік субъект ұсынуда.

Барлық жаңалықтар