00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдерге өзгеріс енеді

20.09.2023 | 11:30
72
Фото: ашық дереккөз

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырыста депутаттар Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Telegram ресми арнасында жарияланды. 

Өзгеріске сай Ұлттық қордан аударылған қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі, ал білім алу үшін шетелдік оқу орнында оқуға мүмкіндік бар.

Жинақ және төлем тетігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Әрбір баланың шотына оның туғаннан немесе Қазақстан азаматтығын алған кезінен бастап 18 жасқа толғанға дейін белгілі сома аударылады. Қаражат Ұлттық қорда болады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Тек шотта жинақталған қаражатты он сегіз жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға мүмкіндік беріледі. Алайда балалар азаматтықты өзгерткен немесе жоғалтқан кезде олар бұл құқығынан айырылады. Сонымен қатар төленетін қаражат салық салудан босатылады, - делінген хабарламада.

Мәжілісмендер бүгінгі жалпы отырыста Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты аталған түзетулерді қабылдап, Сенатқа жолдады. 

Айта кетейік, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады

Барлық жаңалықтар