00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Кәсіби мерекеде 543 құтқарушы марапатталды

19.10.2023 | 07:00
52
Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты шараға министрліктің басшылығы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қонақтар қатысты.

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

Ең алдымен, барлықтарыңызға бізге жүктелген міндеттерді, оның қиындықтары мен қауіптілігіне қарамастан, абыроймен, адал атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Соңғы уақытта тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттерде де болып жақан төтенше жағдайлар, біздің жүйе үшін үлкен сынақ болды. Біздің құтқарушыларымыз гуманитарлық миссия атқару аясында Түркия мен Ауғанстанда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгенін ерекше атап өткім келеді. Кәсіби біліктілік деңгейі, жылдар бойы жинаған тәжірибесі, ең күрделі міндеттерді пысықтау жылдамдығы мен шапшаңдығы жағынан біздің құтқарушыларымыз үздіктердің қатарында болды. Сондықтан біздің азаматтарымыз ТЖМ қызметкерлерінің кез келген уақытта күні-түні көмекке келуге дайын екенін, әрбір адамды құтқару үшін зілзаламен күресіп, тіпті өз өмірін қиятынын біледі. Өз міндеттерін атқару кезінде, басқаның өмірін құтқару жолында қайтыс болған әріптестеріміз мәңгі есте қалады, - деп атап өтті министр.

Кәсіби мерекеге орай 543 құтқарушы марапатталды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді. Дәстүр бойынша іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

919fed15474e225031a36725256b5621_1280x720.jpg

Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өтті.

Барлық жаңалықтар