00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

29.01.2024 | 07:00
71
Фото: дереккөз

Осы бағыт бойынша 2023 жылы жалпы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 103 адам), Қызылорда (1 121 адам), Алматы (1 099 адам), Қарағанды (1 092 адам) және Ақтөбе (1 056 адам) облыстарында байқалады.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.

Жұмыстың бірінші жылындағы субсидиялар мөлшері жалақы мөлшерінің 70%-ын, жұмыстың екінші жылында – 65%-ын, жұмыстың үшінші жылында – 60%-ын құрайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті, – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Айта кетейік, 50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Барлық жаңалықтар