00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Көбі жас қыз-жігіттер»: Журналист қазақтарға шетелде мол ақша төленетінін айтты

09.07.2023 | 12:00
80
Фото: А.Сейфуллаұлының Facebook парақшасынан

Қазақтар Англияға маусымдық жиын-терінге жаппай аттанып жатыр. Бұл туралы журналист Абай Сейфуллаұлы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Суретте Англияға маусымдық жиын-терінге жаппай аттанған қазақтардың бір тобы. Оңтүстік Кореядан кейін енді тұманды Альбионды бағындыруға көшкенімізді естіп жатқан боларсыз. 

Шолып шықтым: көбі жас қыз-жігіттер, капуста теру, қызанақ жинау, пияз жұлу, саңырауқұлақ қаптау, арту, тасу сияқты жұмыстарға жегіледі. Бір артықшылығы – легалды, 6 айға виза алады, әрі қарай заңсыз қалып кетпесе.

Агрофирмалар орташа есеппен сағатына 10 еуро төлейді. 12 сағаттық режиммен сонда айына 800 мың – 1 млн көлемінде шығады ғой. Бәрін еліктіретіні осы, бірақ ар жағындағы ауыр физикалық еңбек, талған бел, жаңбырлы ауа райындағы тынымсыз жүріс, 4-5 сағат ұйқы, вагондағы өмірді де ойлау керек. Елдің бәрі қарға қуып қаржыға батып жатыр екен деу – романтикалық қиял ғана. Бұрын қара жұмыс істеп, ауыр көтермегендерге қиын болатыны түсінікті. Оның үстіне, Орта Азиядан келгендерге мұрнын шүйіре қарайды емес пе? Моральдық-физикалық салмақ осының бәрі. Барғысы келетіндер шектен тыс көбейіп, алаяқ агенттер де пайда болыпты, – делінген журналист жазбасында.

Ол экономикалық жағдай, елдегі еңбектің төмен бағалануы өзге ньюанстарды ойлауға мұрша бермей тұрғанын да атап өтті.

Барлық жаңалықтар