00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада күтуші қыз зейнеткердің 2,5 млн теңгесін жымқырып кеткен

11.04.2023 | 17:00
57
Фото: дереккөз

Полицияға алаяқтық фактісі бойынша 73 жастағы зейнеткер арызданған, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайтының жазуынша, Астана қаласы Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында қыздың егде жастағы әйел адамның үйінде күтуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Күдікті банктің мобильді қосымшасына зейнеткердің атынан кіріп, коммуналдық төлемдерді жүзеге асыру сылтауымен шотта жиналған қаражаттан 2,5 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлап алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар