00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы басталды

28.04.2023 | 10:25
44
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы басталды, деп хабарлады Elorda.info

QAZAQFORUM ашылуында Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі сөз сөйледі. 

Форумның тақырыбы өте маңызды екенін, алғашқы форумнан бастап қатысушылар қатары көбейіп келе жатқанына тоқталған министр, енді баспасөзге Каспи банк қосымшасы арқылы жазылуға болатынын айтты.   

«Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбындағы форум аясында (əрі қарай - QAZAQFORUM) қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мəселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.

QAZAQFORUM жыл сайын жүйелі түрде қатысушыларға өзекті мəселелерді талқылауды жəне халықаралық тəжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналды.

QAZAQFORUM барысында спикерлер мен қатысушылар «Монетизация. Неге бəрі мұз?», «Immersiveness. Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?», «From TV to YouTube: бейімделу, тенденция жəне жаңа мүмкіндіктер» жəне «Танымдық контенттің əлеуеті» сынды тақырыптарды ортаға салады. 

«Өз подкастын қалай жүзеге асыру керек?», «Медиа желіде жасанды интеллекті қолдану тəсілдері» атты шеберлік сабақтары өткізіліп, QAZAQFORUM бейресми кездесулер мен жасанды интеллекттер өндірген сурет көрмесін ұсынады.

QAZAQFORUM арнайы қонағы – танымал əнші Мархаба Сəби. QAZFORUM ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, «Business Event&Rent» агенттігі. Қолдаушылар: «Kaspi Bank» АҚ.

Барлық жаңалықтар