00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде экотуристер саны 2 есе артты

03.08.2023 | 06:30
37

Соңғы үш жылда Қазақстанда экотуристер саны 2 еседен астам өсті. Егер 2020 жылы экотуристер саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында 2 млн-ға жеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әртүрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 2 жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның 7-еуі жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып салынды. Сонымен қатар, елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.

Барлық жаңалықтар