00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде бір ай ішінде 50 жастан асқан 2 100 адам арнайы курс оқыды

12.10.2023 | 08:30
60
Фото: ашық дереккөз

«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды тегін үйрене алады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Арнайы бөлім бір ай бұрын ашылды, осы уақыт ішінде оған 2,9 мыңнан астам адам тіркелді, олардың 2,1 мыңы оқып, сертификат алды.

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшісі болғысы келетіндер және мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге еріп жүретіндерге арналған кәсіптік курстар бұл санаттағы азаматтар арасында көбірек сұранысқа ие.

Сондай-ақ, жобаға қатысушылар бройлер балапаны мен жылыжайларда лимон өсіру, ара шаруашылығы және т.б. курстарда оқуды жөн көреді, - делінген министрлік ақпаратында.

Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қосымша бетінде ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм сияқты бағыттар бойынша 120-дан астам курстар бар.

Пайдаланушыларға курстан өткені туралы сертификат беру көзделген, ол Enbek.kz порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетілетін болады. Жұмыс беруші жұмысшыны іздеген кезде ізденушінің түйіндемесінен сертификаттары мен алған дағдыларын көре алады.

Барлық жаңалықтар