00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде ақшаны аз жұмсайтын өңір анықталды

14.09.2023 | 12:30
64
фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі тұрғындардың табыс көлемі туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл 2 тоқсандағы мәліметке сәйкес, өңірлер бойынша жан басына шаққандағы ең жоғары орташа табыс Астана қаласы - 408,1 мың теңге, одан кейін Қарағанды ​​облысы - 368 мың теңге, одан кейін Алматыда - 363,6 мың теңге.  Ал Жетісу өңірінің тұрғындарының орташа табысы ең төмен – 203,2 мың теңге.

Шығындарға тоқталар болсақ, ай сайынғы шығыс көлемі бойыша Алматы көш бастап тұр. Жан басына шаққанда 359,4 мың теңге. Одан кейін астаналықтар - 345,8 мың теңге, үшінші орында Қарағанды ​​облысы - 323,5 мың теңге.

Ең аз ақшаны Түркістан облысының тұрғындары жұмсайды. Өңір тұрғындары жан басына шаққанда 180,9 мың теңге жұмсайды. 

Барлық жаңалықтар