00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтылған

26.07.2023 | 12:00
63
фото: @Shutterstock

Биыл Kids go free бағдарламасымен ел ішіндегі саяхатты таңдаған 300-ден астам қазақстандық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, маусым айында ең тиімді саяхат Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша тіркелген. Бірден 3 немесе одан да көп баласы бар 3 отбасы жоспарланған бюджеттің 40 пайызынан астамын үнемдеген. Аталған бағдарлама аясында орта есеппен бір турда екі бала саяхаттайды. 

Бағдарлама бойынша саяхаттау оңай әрі қолжетімді. Ол үшін kids.gofree.kz сайтына кіру керек. Кеңес алыңыз және отбасыңызға сәйкес келетін тур пакетін таңдаңыз. Қажетті құжаттарды ұсыныңыз, тур пакетін сатып алу үшін келісім-шарт жасаңыз және балаларыңыз үшін тегін әуе билетін алыңыз»,- деді МСМ-нің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, Kids go free - отбасылық туризмге арналған Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген бағдарлама. Жоба операторы – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы. Қазақстандықтар туроператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып ала отырып, 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилеттерге қолжеткізе алады. 

 

Барлық жаңалықтар