00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл азық-түлік бағасы 8 пайызға өсті

28.07.2023 | 11:30
53

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға төмендеді, ал жылдық мәнде 8,1%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

2023 жылғы 25 шілде бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай болды:

Сары май – 3 710 тг/кг

Сүт – 374 тг/л

Қырыққабат – 148 тг/кг

Сәбіз – 193 тг/кг

Барлық жаңалықтар