00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Birgemiz: Ayala» ұлттық жобасы жылды қорытындылады

29.11.2023 | 13:00
64
фото: ұйымдастырушылардан

Елордада «Green help» қоғамдық бірлестігі «Birgemiz: Ayala» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде «Birgemiz: Ayala» жобасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты шеңберінде жұмыс істеп келеді.

Жиында жануарларға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған жобаның биылғы жетістігі талқыланды. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төрағасы Лима Диастың сөзінше, жоба келесі жылы да жалғасын табады. 

Бұл жоба әртүрлі іс-шараларды, бастамаларды қамтиды және көптеген волонтерлік бастамаларды тартуға және жануарлар құқықтарын мойындайтын және қорғайтын саналы қоғамдастық құруға ұмтылып келеді. Білім беру және практикалық шаралар арқылы жоба біздің қоғамдық ортада жануарларға жауапты және этикалық қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Биыл екінші жыл қатарынан жоба аясында жұмыстар атқарылды.  Сонымен қатар «Birgemiz:Ayala» жобасының командасы еріктілерді оқытумен белсенді айналысады.  Осылайша үй жануарларының мәселесіне бей-жай қарамайтын адамдар қатары арта бастады. Бүгінде олардың саны 4 мыңнан асты. Бұл бастама келесі жылы да жүзеге асатын болады,- деді Лима Диас. 

Photo-10.jpg

Жоба аясында иесіз және жоғалған жануарларға арналған қызметтің жұмысы ұйымдастырылып,  волонтерлер жануарларға күтім жасауға және уақтылы көмек көрсетуге үйреткен. Сонымен қатар олар ветеринарияға, кинологияға, зоопсихологияға оқытып, үй жануарын қамқорлығына алатын жандарды іздеу жұмысы жүргізілген. 

 «Birgemiz:Ayala» жобасының үйлестірушісі Гульшат Алписованың айтуынша, жыл сайын жобаны іске асыру үшін 30 шағын грант бөлінеді. 

Бұл бастама бойынша еліміздің барлық өңірінен волонтерлер тартылды. Биылғы көрсеткіштеріміз де жаман емес. Атап айтқанда, еріктілердің көмегімен 18 жоба туралы бейнематериал түсірілді. «Эко-волонтерлік» онлайн мектебінде 200 қатысушы білім алды. «Ең жақсы дос» акциясына 8 жұлдызды тұлға қатысып, өз аудиториясына жобаның маңыздылығын түсіндірді. 300 мың теңгеден 30 грант иегері өз өңірінде жоба мақсаты бойынша жұмыс істеді. Осындай түрлі акциялар арқылы біздің волонтерлер адамдар арасында үй жануарларына деген қомқорлық сезімін оятып келеді,- деді Гульшат Алписова.

Жиынға биыл жоба аясында грант ұтып, өз өңірінде игі бастаманы қолдаған волонтерлер де қатысты. Мәселен, жобаның үздік волонтері Нұрасыл Бекматов «Жылулық әлемді құтқарады» жобасын Қызылорда қаласында іске асырып келеді. 

Photo-21.jpg

Біз шілде айынан бастап аталған жоба шеңберінде жұмыс істеп келеміз. Негізі жоба қыркүйекте тоқтаған. Бірақ біздің  өңірдегі волонтерлердің қолдауымен ол әлі де жалғасып келеді.  Үй жануарларына деген қамқорлықты қалыптастыру. Бастапқыда көпқабатты үйлер мен бос ғимараттағы қараусыз жануарларды жинап, арнайы орталықтарға апардық. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Кейін жағдайы жақсарған жануарларға жаңа қожайын іздедік. Оларды түрлі бейнероликтер түсіру арқылы мейірімді жандарға таныстырыдық деп айтуға болады.  Сонымен қатар ветеринариялық дәріханаларға мониторинг жүргіздік. Себебі көп жағдайда үйінде мысық немесе ит ұстайтын адамдар оларға қандай жағдайда дәрі беру керек екенін, тіпті ауырып жүргенін білмей жатады. Мониторинг жүргізу арқылы халыққа осындай түсіндірме жұмысын жүргіздік. Осы сияқты түрлі акциялар ұйымдастырып келеміз. Бастысы адамдар үй жануарларына қамқорлық танытса дейміз,- деді Нұрасыл Бекматов.

Жиын соңында волонтерлер жобаны талқылап, алдағы жылғы жоспарларымен бөлісті.

Photo-40.jpg

Барлық жаңалықтар