00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Бастау Бизнес» жобасымен 128 мыңға жуық адам оқыды

13.11.2023 | 05:30
52
Фото: ашық дереккөз

1 қарашадағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 640,7 мың адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 189,5 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,2 мың адам, жастар практикасымен 30,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 118,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 8,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 442 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14,5 мың адам жұмыспен қамтылды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 42,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 38,5 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 127,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 95,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 126,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9 102 грант берілді.

Барлық жаңалықтар