00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 74,4 жасқа жетті - министрлік

27.04.2023 | 19:00
45

Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74,44 жасқа жетті, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 32,7%-ға, обырдан - 7,9%-ға, жарақаттан - 5,3%-ға төмендеді. Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеп, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 17,0-ні құрады, сәбилер өлім-жітімі 9%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,68-ні құрады.

Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер өмір сүру ұзақтығының өсуіне әсер етті және тарихи маңызға – 74,44 жасқа қол жеткізудің кепілі болды, ол пандемияға дейінгі ӨСҰ деңгейінен 1,26 жасқа асып түсті, ал 2019 жылы ол – 73,18 жасты құрады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар