00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда кімдерге паспорт тегін беріледі

10.04.2023 | 15:30
80

"Азаматтарға арналған үкімет" МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.

Бала өскен сайын бет әлпеті де өзгеруі мүмкін. Сондықтан шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.

Сонымен балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:

  • Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
  • баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);
  • баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

Одан бөлек, паспортты "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.

Барлық жаңалықтар