00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ауыл қызметкерлері үшін 14,3 млрд теңгеге тұрғын үйлер салынады

04.04.2023 | 09:32
48
Фото: primeminister.kz

Ауыл қызметкерлері үшін 14,3 млрд теңгеге тұрғын үй салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу жолымен тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, Өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады, - деді Марат Қарабаев.

Ауыл қызметкерлері үшін 2 мыңнан аса тұрғын үй салынады.

Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында, өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 2 мың 855 тұрғын үй салу жоспарлануда (14,3 млрд теңге). Бұдан басқа, ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілетін болады, - деді М.Қарабаев.

Барлық жаңалықтар