00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алимент төлеуден жалтарған 6 мың азаматтан 23 млрд теңге қарыз өтелді

29.11.2023 | 05:15
61
Фото: ашық дереккөз

Алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы, деп хабарлады Elorda.info 

Бас прокуратураның Telegram арнасында жариялаған мәліметінше, жағдайды шешу үшін кәсіпкерлерді тарта отырып 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған. 

 Ел бойынша алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.

140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді. Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.

Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және т.б. Сот орындаушылар борышкерлердің осындай табыстары туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы арқылы алады, - деп жазды Бас қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Мысалы, Қарағанды облысында прокурорлар электрондық әмияндарда ақшаны жасырған 86 борышкерді анықтады.

Кірістерден өндіріп алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізу туралы ұсыныстар Әділет министрлігіне және Парламент депутаттарына жіберілді.

Алименттерді өндіріп алу және балалардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Барлық жаңалықтар