00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтын және күміс алқалы аналарға енді жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады

01.04.2023 | 01:07
Елорда ақпарат
51

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Еңбек министрлігінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын еді.

Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Егер де көпбалалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде де енгізуді көздеп отыр.

Барлық жаңалықтар