00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті

01.04.2023 | 01:01
Елорда ақпарат
41

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсіп, 295,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4%-ға) мен құрылыстарды (5,3%-ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын үйлер (12,5%) алады.

Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалды.

Ең үлкен өсім:

Жамбыл обл. – 75,2%-ға

Маңғыстау обл. – 55,6%-ға

Ақтөбе обл. – 27,8%-ға

Абай обл. – 25,3%-ға

Қызылорда обл. – 21,3%-ға

Атырау обл. – 18,9%-ға

Павлодар обл. – 17,0%-ға

Айта кетейік, республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.

Барлық жаңалықтар