00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Qnet қаржы пирамидасын құрған тағы бір күдікті ұсталды

01.04.2023 | 00:52
Елорда ақпарат
42

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын жою бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, оңтүстік мегаполис аумағында Qnet қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлген.

Айта кету керек, Qnet қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елде Qnet компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Оқи отырыңыз: Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордада осындай қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдікті ұсталған болатын. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз Qnet компаниясының қызметіне тап болса, ҚМА call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар