00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тоқаев тазы иттердің көрмесін тамашалады

01.04.2023 | 00:41
Елорда ақпарат
54

«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.

Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты.

Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

Барлық жаңалықтар